Жарнама
Жарнама

Хосе Кантенің қос голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

06.03.2022, 22:00
Қосалқы құрамнан шыққан гвинеялық шабуылшы матч тағдырын шешіп кетті.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Ақтөбені» ұтты. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 

Бірінші таймда қос команда да гол соға алмады. Ал үзілістен кейін қосалқы құрамнан алаңға шыққан «Қайрат» шабуылшысы Хосе Канте 67-минутта пенальтиден, ал 84-минутта баспен гол соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 1-тур

«Қайрат» – «Ақтөбе» – 2:0

«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет – Яцек Гуральский (к), Рикарду Алвеш – Жоао Пауло, Данияр Үсенов (Вячеслав Швырёв 62), Артур Шушеначев (Хосе Канте 62);

«Ақтөбе»: Стас Покатилов (қ) – Дмитрий Шомко (Арман Кеңесов 73), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (к), Артурас Жулпа, Владимир Гинайтис – Рамазан Оразов (Руслан Камболов 78), Никита Маляров – Уго Видемон, Рожерио Шина, Виталий Балашов;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров