Жарнама
Жарнама

Хосеп Бартомеу: "Бір командамен 3 жыл жұмыс істеу жеткілікті мерзім"

08.12.2019, 21:32
Жарнама
Жарнама

"Барселона" президенті Хосеп Мария Бартомеу бас бапкер Эрнесто Вальверденің жұмысына қатысты өз ойын білдіріп, қайдай жағдайда келісім шартты бұза алатынын айтты деп хабарлайды AS басылымы.


-"Вальвердемен арадағы келісім шарт 2021 жылға дейін жарамды. Алайда келісім шартты бұзуға мүмкіндік беретін бірнеше тармақтар көрсетілген. Бапкер де ол туралы жақсы біледі. Бұл көптеген жайттарға байланысты қабылғанған шешім. Мысалы ол келер жылдың көктемінде белгілі болмақ. Соңғы кездері "Барселонада" жиі бапкер ауысты. Меніңше, бір командамен 3 жыл жұмыс істеу жеткілікті мерзім. Дегенмен соңғы сөзді Эрнестоның өз аузынан естіген жөн. Қазір ол шаршаңқы болмаса бұл жұмыстан жалықты деп айта алмаймын. Керісінше әр матч сайын өзіне деген сенімділігі артып келеді",- деді президент.

Естеріңізге сала кетейік, Вальверде "Барселонаны" 2017 жылдан бері жаттықтырып келеді. Ла лиганың 16 турынан кейін блауграна 34 ұпаймен бірінші орында тұр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров