Лига менеджерлерінің қауымдастығы "Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиоланы маусымның үздік бапкері деп таныды.
"Мен бұл сыйлықты екінші рет алғаныма өте қуаныштымын, бірақ бапкерлер мұндай марапатқа тек айналасында кәсіпқойлар болған жағдайда ғана қол жеткізеді. Менің ойыншыларым керемет ойнады - олардың адалдығы мен кәсібилігіне ешқашан күмән келтірген емеспін. Осы маусымда біз ең күрделі жағдайларды бастан өткердік.
Менің көмекшілерім де мақтауға лайық. "Манчестер Ситидің" үздік екенін дәлелдеу үшін күн сайын барын беретін адамдармен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Бұл сыйлық сол адамдарға арналған , - деді Гвардиола Sky Sports басылымына берген сұхбатында.
Биыл Хосеп Гвардиола баптайтын "Манчестер Сити" Англия чемпионы атанды. "Қалалықтар" екінші орында тұрған "Манчестер Юнайтедтен" 12 ұпайға озып кетті.
Біздің серіктес: FONBET