Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола кешегі матчта төреші шешіміне қарсы шықты

16.12.2020, 19:08
«Манчестер Сити» кеше «Вест Бромвичпен» тең ойнады.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англия чемпионатының 13-турында «Вест Бромвич Альбионға» қарсы матч кезінде (1:1) резервтегі төреші Энтони Тэйлорға көрсеткен эмоционалды реакциясын түсіндірді.

«Мен төрт минут жеткіліксіз деп айттым. Үш минутымыз күтумен кетті. Және ойыншы алмастыру сәтін ескеретін болсақ төрт минут жеткіліксіз болды. Бірақ ол төреші болғандықтан шешімді өзі қабылдайды», - деді Гвардиола BBC басылымына берген сұхбатында.

Төреші матчтың негізгі уақытына төрт минут қосқан еді, бұл «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиоланың көңілінен шықпады, ол өзінің эмоциясын қосалқы төрешіге көрсетті.




Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 20 ұпайға ие және Премьер-лиганың турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. «Вест Бромвич» (7 ұпай) - 19 орында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров