Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола: "Манчестер Сити" өзі қызметтен босатпаса, мен ешқайда кетпеймін"

18.01.2020, 23:34
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" бас бапкері Хосеп Гвардиола алдағы жоспарлары мен клубтағы қызметіне қатысты ой бөлісті.

-"Мен бұған дейін де жүз рет айтқан болармын. Егер "Манчестер Сити" өзі қызметімнен босатпаса, мен ешқандай кетпеймін. Келесі маусым осында қалатыныма 100% сенсеңіздер болады. Бұл 2 рет чемпион болғанның я болмаса соңғы кездері команда ойынының нашарлап кетуінен емес. Кез келген бапкер үшін сәтті және сәтсіз кезеңдер болады. Үнемі жеңіске жету мүмкін емес. Ең бастысы маған осы футболшылармен бірге жұмыс істеген ұнайды. Тіпті, маусым қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасына жолдама ала алмасақ та мен қызметімде қаламын",-дейді Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Гвардиола мен клуб арасындағы келісім-шарт 2021 жылға дейін жарамды. Ағылшын БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, оның жылдық жалақысы 23,5 миллион еуро.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров