Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиола Жозе Моуриньоның рекордын жаңартты

23.01.2022, 17:50
Испаниялық маманның командасы кеше тең ойын өткізді.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Ситидің» 51 жастағы жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола Англия чемпионатының 23-ші турында «Саутгемптонмен» болған матчтағы (1:1) тең нәтиженің арқасында өз есімін тарихқа енгізді. Бұл туралы BEIN Sports порталы хабарлады.

Дереккөз атап өткендей, Гвардиола Англия чемпионатында ең жылдам 500 ұпайға қол жеткізген бапкер атанды. Хосепке бұл жетістікке жету үшін 213 матч қажет болды. Осылайша, испаниялық маман бұған дейінгі рекордтың иесі Жозе Моуриньоны басып озды (231 ойын).

Үшінші орында «Ливерпульмен» 236 матчта 500 ұпай жинаған Юрген Клопп тұр, ал «Манчестер Юнайтедтің» аты аңызға айналған бапкері Алекс Фергюсон төртінші орынға жайғасты (242 ойын).

Үздік бестікті Арсен Венгер (249 ойын) түйіндесе, Рафаэль Бенитес (267), Дэвид Мойес (340), Мартин О'Нил (351), Марк Хьюз (367), Сэм Эллардайс (386), Гарри Реднапп (392) және Стив Брюс (441) секілді бапкерлер сәйкесінше 6-12 орындарға табан тіреді.

Гвардиола «Манчестер Ситиді» 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді. Маманның клубпен келісім-шарты 2023 жылға дейін жарамды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров