Жарнама
Жарнама

Хосеп Гвардиоланың бапкерлік сәтсіздігі

08.12.2019, 21:36
Жарнама
Жарнама

АПЛ-дың 16- турында "Манчестер Сити" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдап, 1:2 болып ұтылды.
Дәл қазір Хосеп Гвардиола командасының еншісінде 32 ұпай бар. Көш басында тұрған "Ливерпульден" 14 ұпай қалып келеді.

OptaJose порталының хабарлауынша Хосеп Гвардиола бұрын өзі жаттықтырған командалардың ешқайсысымен 16 турдан кейін бұлай аз ұпай жинап көрмепті. Естеріңізге сала кетейік, испан маманы "Ман Ситиге" дейін "Барселона" мен "Баварию" сынды ұжымдарды баптаған.

Енді келесі турда "Манчестер Сити" сырт алаңда "Арсеналмен" ойнайды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров