Бұл топта келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар 3 команда бар. Тек Ирландиялықтар Польша жеріне туристтер қатарында келген сияқты. "Ең бастысы жеңіс емес қатысу" бұл ирландиялықтардың алға ұстанған қағидалары іспеттес. Бір "И" жарыспен қош айтысқанымен әлі тағы екі "И" үміттерін үзбеуде. Әлем чемпиондары хорваттарды жеңу үшін бәрін салады. Ал Славен Билич бапкер Хорватия тура Италиялықтар секілді өнер көрсетіп, Еуропаның қазіргі чемпионын састырамыз дейді. Ол да мүмкін.
С-тобы
Марио Болоттели осы Еурода өзін әлі толықтай көрсете алар емес. Жалпы бұл біріншілікте команданың негізгі мықты ойыншылары өздеріне артылған жүкті тек осы шешуші үшінші турда ғана атқаруда. Мүмкін болашағынан атақты ойыншыны күттіретін Болотелли Ирландия құрамасына гол солатын шығар. Егер Испаниялықтар хорваттармен тең түссе, онда Италиялықтарға қарсыласты үш гол айырмасымен жеңу керек.
Өзара бұл командалар тең ойнаған болатын. Сондықтан да, Италиялықтарға доп айырмасын жақсартып алған да артық болмас. Ал Италиялықтар тіпті бірінші орын алғылары келсе Ирландиямен болар ойында есеп айырмасын 5-ке жеткізу керек. Әрине мұндай жағдайдың барлығы егер испандар хорваттармен тең түссе ғана болады.
Мамандардың пікірінше Испания Хорваттарды міндетті түрде жеңулері қажет. (Бірақ, футболда не түрлі нәтижелер тіркеліп жатқанын өздеріңізде білесіздер). Онда Пранделли шәкірттеріне Ирландияны кез-келген есеппен ұтса да жетіп жатыр. Міне, тура осы айтылып отырған сценари көпшілік пікірінше ең қолайлы, әрі болуы әбден ықтимал нұсқа.
Букмекерлер кеңсесі Испанияның жеңісіне 1.76 коэфицент беруде. Бұл дегеніміз біз айтып отырған болжаммен букмекерлер де келіседі деген сөз.
Ермұхамед МӘУЛЕН
N | Команда | О | Ұ | Т | Ұ | Д | Ұ |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | ИСПАНИЯ | 2 | 1 | 1 | 0 | 5-1 | 4 |
2 | ХОРВАТИЯ | 2 | 1 | 1 | 0 | 4-2 | 4 |
3 | ИТАЛИЯ | 2 | 0 | 2 | 0 | 2-2 | 2 |
4 | ИРЛАНДИЯ | 2 | 0 | 0 | 2 | 1-7 | 0 |
10 маусым | 20:00 | Испания - Италия - 1:1 | Гданьск |
10 маусым | 22:45 | Ирландия - Хорватия - 1:3 | Познань |
14 маусым | 20:00 | Италия - Хорватия - 1:1 | Познань |
14 маусым | 22:45 | Испания - Ирландия - 4:0 | Гданьск |
18 маусым | 22:45 | Хорватия - Испания | Гданьск |
18 маусым | 22:45 | Италия - Ирландия | Познань |
Біздің серіктес: FONBET