Жарнама
Жарнама

Хуан Мата «Манчестер Юнайтедтен» кетеді

02.06.2022, 20:27
Кеше Лингард пен Погба да клубтан кеткен еді.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушы Хуан Матаның клубтан кететінін хабарлады.

34 жастағы испаниялық футболшының «қызыл сойқандармен» келісім-шарт мерзімі маусым айының соңында аяқталады.

Мата «Манчестер Юнайтедте» 2014 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Ол команда үшін 285 матчта 51 гол соғып, 47 нәтижелі пас берген.

Манкуниандық клубпен бірге Мата Англия кубогін, Лига кубогін, ел суперкубогін және Еуропа лигасын жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров