Жарнама
Жарнама

“Ямал Мессиден де мықты бола алады”

09.07.2025, 15:00

Эммануэль Пети Ламин Ямалдың ойынына таңданысын білдірді. "Барселонаның" 17 жастағы вингері өткен маусымда Ла Лигада 35 матч өткізіп, 9 гол соғып, 13 нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

"Оның жасындағы ешбір футболшы дәл осындай деңгейде ойнағанын есіме түсіре алмаймын. Ол допқа әр тиген сайын бірдеңе болатыны анық сезіледі. Оны 28 жаста, бабында тұрған ойыншы деп ойлап қалуға болады. Қарсыластарын PlayStation-дегі сияқты алдап өтеді. Қорғаушылар оған жай ғана конустар секілді, оның деңгейі сондай жоғары.

Ламин тіпті Мессиден де үздік ойыншыға айнала алады. Месси сегіз мәрте "Алтын доп” иегері болды. Ал Ямалда одан да биікке жетуге мүмкіндігі бар. Оның ойынын тамашалау бір ғанибет.” – деді "Барселонаның” бұрынғы футболшысы Эммануэль Пети Escapist Magazine басылымына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров