Жас жұлдыз Ламин Ямал мінезі мен амбициясының салдарынан командада басқалардың ашуына тиюде.
Жасы небәрі 18-де болса да, командасының негізгі ойыншыларының біріне айналған Ямал өзін көшбасшы ретінде көрсетуге тырысуда. Алайда бұл қадам бәріне ұнай бермеген. Don Balon дерегінше, ол кейде өзін "капитан” секілді ұстап, допты ала алмаған кезде сабырсыздық танытады және командалық шешімдерге өз пікірін ашық білдіреді.
Командадағы тәжірибелі ойыншылар Ямалдың алаңдағы да, алаң сыртындағы да кейбір әрекеттерін құптамайды. Жаттығулар мен ойындар кезінде ол түзетулерді әрдайым дұрыс қабылдай бермейді, ал өз наразылықтарын ашық айтуы командаластарының көңілінен шықпай отыр. Ардагерлердің айтуынша, "Барселонада" ең алдымен тәртіп пен бір-бірін сыйлау маңызды, ал шектен шыққан эгоға орын жоқ.
Бас бапкер Ханси Флик пен оның штабы Ямальға нақты талап қойып, оны дұрыс бағытқа бұруға күш салып жатыр.
Біздің серіктес: FONBET