Жарнама
Жарнама

Ибрагимович «Миланмен» келісім-шартын ұзартты

23.04.2021, 16:30
Златан осы жылы Швеция құрамасына қайта шақырту алған болатын.
Жарнама
Жарнама

"Милан" Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичпен келісім-шартты ұзартты. 39 жастағы футболшының жаңа келісімі 2022 жылға дейін есептелген, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. Енді шабуылшының бір маусымдық жалақысы 7 миллион еуроны құрайды.

Златан 2021 жылдың қазанында 40 жасқа толады. Ол "Милан" командасына 2020 жылдың қаңтарында "Лос-Анджелес Гэлаксиден" ауысып келді. Ибрагимович 2010-2012 жылдар аралығында да "Милан" сапында ойнаған. Осы маусымда 24 матч өткізіп, 17 гол соқты, бір нәтижелі пас берді.

Златан бұған дейін "Мальмё", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед" және "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында ойнаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров