Жарнама
Жарнама

Ибрагимович қайтадан жарақат алды. Тағы екі апта ойнамайды

19.12.2020, 08:14
Златанның жоқтығы «Миланға» қатты әсер етуде
Жарнама
Жарнама

“Миланның” шабуылшысы Златан Ибрагимович жарақатына байланысты шамамен тағы екі апта алаңға шыға алмайды, деп хабарлайды Sky Sport Italia.

8-турдағы “Наполимен” болған кездесуде алған жарақаты салдарынан шамамен бір ай ойындарға қатыса алмаған Златан 18 желтоқсан күні толыққанды жаттығуға кіріскен еді. Бірақ дайындық соңында балтыр бұлшық етінде ауырлық сезініп, дәрігерге тексеріледі. Анализ қорытындысы өткен жарақаттың қайталануын көрсетті. Ал соңғы нақты тексерілу он күннен ерте жасалмайды. Осылайша Ибрагимович 2020 жылы жасыл алаңға орала алмайды.

3 қаңтарда өтетін “Беневентоға” қарсы ойын мен 6 қаңтарға жоспарланған “Ювентуспен” текетіреске де қатыса алмауы мүмкін.

39 жасар швециялық аяқдопшы Италия чемпионатында он ойынға қатысып, 11 мәрте қақпаны дәл көздесе, екі рет голдық пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров