39 жастағы "Миланның" шабуылшысы Златан Ибрагимович жазда кәсіби мансабын аяқтау туралы ойлағанын мойындады.
"Стефано Пиоли менен әрі қарай футбол ойнағың келе ме деп сұрады. Мен оған жауап бердім: "Жоқ, мен ойнамаймын. Жеткілікті. Мен үшін отбасым да маңызды, мен мұнда жалғызбын, бұл өзіңді құрбандыққа шалғанмен бірдей. Дәл осылай алты ай өмір сүруге дайын едім, бірақ мұнда тағы бір жыл тұрғым келмейді". Пиоли маған: "Жарайды, мен сенің шешіміңді құрметтеймін. Сенің қалағаныңдай болсын", - деді.
Келесі күні біз тағы сөйлестік, мен тағы да мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдағанымды айттым. Бірақ содан кейін бір нәрсе өзгерді. Мен кейінірек бармақ тістеп қалғым келмеді. Бірден клубқа қоңырау шалып, мансабымды жалғастыратынымды айттым. Мен футболдан кету туралы "Манчестер Юнайтедте" жүрген кезімде ойладым. Ол кезде 35–36 жаста едім", - деп келтіреді Sky Sport Italia Ибрагимовичтің сөзін.
Біздің серіктес: FONBET