Винсент Ибрагимович “Милан Футуро” командасында өнер көрсететін болды.
17 жастағы хавбэк кәмілетке толғанша дейін, россонеридің дублінде доп теппеді. Одан кейін, ол ағасы Максимилиан секілді “Миланның” негізгі командасына қосылады.
Еске салсақ, Швеция футболы аңызы Златан Ибрагимович итальяндық команда жейдесінде 163 ойын өткізіп, 93 гол мен 35 голдық пас берді. Ол қызыл-қаралар ұжымының екі рет ел чемпионы және Италия Суперкубогын жеңуіне үлкен үлес қосты. Мансабын аяқтаған соң, Златан “Милан” клубы басшысының кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Бүгінде экс-футболшының қос ұлы әке жолын қуып, россонеримен келісім шартқа отырды. Осылайша Ибрагимовичтің отбасылық шежіресі “Миланда” бастауын алмақшы.
Біздің серіктес: FONBET