Жарнама
Жарнама

Ибрагимовичтің «Лос Анджелес Гэлакси» сапындағы дебюттік голы МЛС тарихындағы ең үздік гол деп танылды

18.12.2020, 16:18
Шабуылшы бұл голды 40 метр жерден салған болатын.
Жарнама
Жарнама

"Миланның" 39 жастағы шабуылшысы, бұған дейін АҚШ-та "Лос-Анджелес Гэлаксиде" ойнаған Златан Ибрагимович өз есімін МЛС тарихына жазып қалдырды, деп хабарлайды лиганың баспасөз қызметі Instagram парақшасында.

Ибрагимовичтің "Лос-Анджелеспен" болған дербиде (4:3) "Гэлакси" сапындағы 40 метрден соққан дебюттік голы МЛС тарихындағы ең үздік гол деп танылды.


Ибрагимович осы жылдың басында "Миланға" оралған еді, италиялық клуб үшін ол 2010-2012 жылдар аралығында ойнады. Осы маусымда Златан 10 кездесуге қатысып, 11 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар шабуылшы "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Барселона", "Пари Сен-Жермен", "Манчестер Юнайтед" және "Лос-Анджелес Гэлакси" клубтарында өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров