Керем Артюркоглу Гарри Поттерге ұқсап баққаны үшін заң жүзінде жазаланбақ.
27 жастағы шабуылшы өз голдарын тойлау барысында сиқыршы таяғын қолданғандай кейіп танытады. Компания ойынша, ол әлемге танымал Гарри Поттер фильмінің басты кейіпкерінің іс-қимыл әрекетін қайталаған. Ал “Warner Bros” сиквелге қатысты барлық дүниелерді авторлық құқық ретінде сақтандырып қойған екен.
Ең сорақысы Керем Гарридің іс-әрекетін қайталап қана қоймай, бірнеше бөлімді серияда қолданылған әуендерді де әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап жүрген. Олда авторлық құқық бойынша кинокомпанияға тиесілі. Осы себептен Артюкоглу алдағы уақытта жасаған әрекеті үшін заң алдында жауап беретін болады.
Біздің серіктес: FONBET