Жарнама
Жарнама

Әйгілі рэпер “Селтик” клубына қаржылай көмек бермек ниетте екен

Кордозар Келвин Бродус (Снуп Догг) алдағы уақытта шотландиялық клубтың қожайыны атануы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Рэпер Глазго ұжымына 2005 жылдан бері жанкүйер болып келеді. Ол “Селтик” ФК қазіргі жағдайына алаңдаушылықпен қарауда. Жиі бапкері ауысқан команда чемпионаттағы лидерлік позициясы жоғалтып алды. Оның үстіне еурокубоктегі жорығы да сәтсіз шығуда. Осыны өз көзімен бақылап жүрген Снуппи миллиондаған қаржысын “Селтикке” аударамын деп айтыпты. Рэпер аздаған көмегі арқылы клубтың бір жыртығын жамауға бекініп отыр екен. Егерде барлығы жақсы болса, Келвин Кордозар жасылдар ұжымының қожайыны да болып қалуы мүмкін. 

Жалпы Снуп Доггтың қаржылық жағдайы 158 млн долларды құрайды. 

Еске салсақ, “Селтик” “Қайрат” клубының Чемпиондар Лигасын іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі қарсыласы болған еді. Алайда Брендан Роджерс командасы ойын соңындағы пенальтилер сериясында 3:2 есебімен жеңіліп қалып, еурокубоктің басты додасына жолдама ала алмай қалды. 

 

 

 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: