Жарнама
Жарнама

Игита: «Бізге маңызды ойыншылар жетіспеді»

01.02.2022, 15:46
Игита үшін жүлде жеңіп алар керемет мүмкіндік осы еді.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита Еуропа біріншілігінің 1/4 финалында Украинамен болған ойынға (3:5) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты:

— Бұл өте ауыр жеңіліс, бірақ біз Украинаның өте күшті команда екенін білдік. Біз бұл матчқа жоғары деңгейде дайындалдық, бірақ болмашы жерден гол жіберіп алдық және өз жағдайымызды қиындаттық. Бізге маңызды ойыншылар жетіспеді, бірақ Украинаны құттықтаймыз. Енді алдағы мақсатымызға көңіл бөлеміз. Өмір жалғаса береді.

Бұлай жеңілу өте қиын. Менің жасым 35-те және мен өмірімде көп нәрсені бастан өткердім, бірақ екінші жағынан, соншама жылдардан кейін де осындай сезімде болғаныма қуаныштымын. Өте өкінішті, өйткені біз көп жұмыс істедік. Менің мансабым аяқталуға жақын, бірақ мен осы турнирде жеңіске жеткім келеді. Әлем біздің айтарлықтай прогресс жасағанымызды көруі үшін әрқашан ең жақсы ойынымызды көрсетуге тырысамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров