Жарнама
Жарнама

Игита: «Қазақстан үшін тағы бір гол соққаныма қуаныштымын»

15.12.2021, 19:56
Капитан кеше ұлттық құрама жейдесіндегі 75-ші матчын өткізіп, 10-шы голын соқты.
Жарнама
Жарнама

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Игита Өзбекстанмен өткен жолдастық кездесуге (3:1) қатысты пікір білдірді:

- Матч қиын болды. Біз Өзбекстанның мықтылығы жағынан Азиядағы екінші немесе үшінші команда екенін білеміз. Әсіресе Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ойындар дерби болғандықтан, матч өте қиын болады деп күттік. Сондықтан, барлығыңыз көргендей, ойынды барынша жинақылықпен, үлкен ықыласпен бастадық. Әрине, бірге ойнамағалы көп болды, сондықтан бірінші таймда мүмкіндіктер көп болғанымен, жүзеге асыра алмадық. Бірақ екінші таймға жақсы дайындықпен шықтық және гол соғатынымызды анық білдік. Осыдан кейін ойын жеңілдей түсті. Матч соңындағы гол мені аздап алаңдатты, бірақ біз жеңіске жеттік.

Жанкүйерлер айғайлап, бізді қолдап жатқанда, әсіресе өз алаңымызда гол соғу әрқашан жақсы әсер сыйлайды. Мен оларға жақсы энергия бере алғаныма және Қазақстан үшін тағы бір гол соққаныма қуаныштымын. Қазақстан үшін соққан әрбір голым есімде. Біз мұнда соңғы рет шамамен үш жыл бұрын ойнадық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров