Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен болған жеңісті ойын (3:2) жайлы пікір білдірді:
- Керемет эмоциялар, өте керемет! Сенесіз бе, біз әлемдегі үздік 4 команданың қатарындамыз. Мен үшін бұл үлкен арман, бұл мен үшін жаңа нәрсе - мен 35 жастамын, әлі де тәжірибем аз, ал қазір біз бұл тәжірибені де бастан өткердік. Мен матчқа келген барлық жанкүйерлерге және көгілдір экранның ар жағынан тамашалаған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Рахмет, Қазақстан! Біз әрі қарай да жүре аламыз. Сіздің энергияңыз біз үшін өте маңызды. Баршаңызға шын жүректен рахмет!
Біздің серіктес: FONBET