Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита Израильмен болған матч (4:0) туралы пікір білдірді:
- Жақсы матч болды, біз тағы да жеңіске жеттік, осы іріктеу кезеңінде бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқпыз. Біз өз деңгейімізді көрсеттік, бірақ әрқашан қарсыластарымызды құрметтейміз. Қақпаға гол жібермеу өте керемет сезім. Біз ЕУРО-2022 турниріне жолдама алдық. Осы турнирде үшінші рет ойнау мен үшін үлкен мәртебе.
Бұл кездесу Серік Жаманқұлов үшін қоштасу матчы болды. Мен Какаға Серікпен бірге ойнағым келетінін айттым, өйткені Қазақстанға келгенде ол мен үшін көп нәрсе жасады. Ол көптеген маңызды голдар соғып, команда үшін маңызды ойыншы болды. Ия, ол бұл жолы гол соққан жоқ, бірақ өз шеберлігін көрсетіп нәтижелі пас берді. Серік қарсылас қақпасының алдында мүлдем қорықпайды, сол себепті ол ұлттық құрама сапында көп гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET