Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеев Черногорияға ешқандай өкпесі жоқ екенін айтты.
Естеріңізде болса, Черногория мен Ресей арасындағы матчтың 2-ші минутында жанкүйерлердің бірі Игорь Акинфеевке файер лақтырып, голкипер ауыр жарақат алды.
«Өзімді жақсы сезінемін. Әрине, жағымсыз оқиға орын алды, бірақ қорқатын ештеңе болған жоқ, алға қарай жүре беру керек. Сол оқиғаны еске алудың қажеті шамалы...
Черногориялық ойыншылардың өздері айттым – оларға да, қабылдап жатқан елге де ешқандай өкпем жоқ. Егер мен ұлттық құрамаға шақырса, болған жағдайға қарамастан, Подгорицаға міндетті түрде барамын», - деді қақпашы.