Өткен маусымда «Тобыл» сапында өнер көрсеткен Игор Иванович қостанайлық командамен қош айтысты. Соңғы жылдары Қазақстан Премьер лигасында доп теуіп жүрген сербиялық легионер ендігі мансабын Еуропада жалғастырмақшы.
ҚПЛ-ға 2023 жылы келген серб «Астанада» бір маусым өткізіп, былтыр «Тобылдың» негізгі құрам ойыншыларының бірі болды. Ол өткен маусымда 5 рет мергендігімен көзге түсіп, екі нәтижелі пас берген. Қапталдан ойқастап шабуылдайтын 27 жастағы жартылай қорғаушы биыл «Астананы» чемпиондықтан айырып, жеңіс голын соққан болатын. Қостанайлықтармен келісім-шарты аяқталған соң Игор Ивановичтің агенті енді шығыс еуропа мен балтық елдеріне шығып, ойыншыға онтайлы команда іздеп жатыр. Бірақ, Қазақстанның жүлдеге таласатын клубтарынан ұсыныс түссе оны да қарауға дайын дейді сербиляқтың өкілі.
Біздің серіктес: FONBET