Жарнама
Жарнама

Игорь Шацкий: «Бапкерлер штабының нұсқауын орындауға тырыстық»

07.06.2022, 21:54
Шацкий екі матчта да қақпасына гол жібермеді.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Словакияға қарсы өткен ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

- Біз үшін өте қиын ойын болды. Қарсылас көп шабуылдады, қысым көрсетті, бірақ біз шыдадық. Әр ойыншы алаңда өздерін аямай, бар күш-жігерін салды. Бұл ойын бәріміз үшін ұмытылмайды. Әрине, Словакия құрамасының деңгейі айтарлықтай жоғары болды, бірақ біз бапкерлер штабының нұсқауын орындауға тырыстық. Бірақ тәртіптің арқасында оларды басып оздық. Біз шын мәнінде «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» қағидасы әрекет ететін команда екенімізді көрсеттік. Алда ұпай алатын тағы екі матч бар. Жанкүйерлерімізді тағы да қуанту үшін күресеміз. Олар ұлттық құраманың жеңістерін көруге, оның жетістіктері үшін қуануға лайық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров