OLIMPBET-Қазақстан кубогінің финалдық матчы алдында «Шахтердің» капитаны және қақпашысы Игорь Шацкий баспасөз мәслихатына қатысты.
- Ертең бәрі тек өзімізге байланысты болады, сондықтан жеңіске жетуге тырысамыз.
- Жартылай финалдық кездесу туралы сұрақ. Чемпионатта бір-ақ рет жеңіліске ұшыраған «Тобылдан» қалай өттіңіздер?
- Бізде керемет мотивация болды. Білмеймін, мүмкін қарсыласта мұндай мотивация болмаған шығар, осы әсер еткен болуы керек.
- Маусымның үздік қақпашысы ретінде Құралбек Ордабаев атындағы жүлдеге ие болдыңыз. Сіз мұны қалай қабылдадыңыз және кімді басты бәсекелес деп санайсыз?
- Маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Ұжымдық спорттағы жеке марапат президенттен бастап командаға дейін бүкіл адамның еңбегі болып саналады. Менің ойымша, тағы екі үздік қақпашы – Мокин мен Лобанцевті бәсекелес деп айта аламын.
- Биылғы маусымда «Шахтер» УЕФА Конференция лигасындағы ойындарда пенальти сериясын керемет өткізді. Ертең осы жағдай қайталанса, оған дайын боласыз ба? «Қайрат» ойыншыларының он бір метрлік айып добын қалай орындайтынын зерттеп көрдіңіз бе?
- Дұрыс айтасыз, матчтың қалай аяқталатынын ешкім білмейді. Пенальти сериясы болуы да мүмкін. Әрине, топ ішінде біз барлығын қарастырып, талқылаймыз, дайындаламыз. Ертеңгі ойынның қалай өрбитінін көре жатармыз.
Біздің серіктес: FONBET