Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Шахтердің" бұрынғы қақпашысы және капитаны Игорь Шацкий "Тобылмен" келісімшартты бұзып, қарағандылық клубқа оралды.
Бір жыл бұрын Шацкий "Шахтерден" "Тобылға" ауысқан болатын, бірақ ол қостанайлық клубтың бірінші нөмірлі қақпашысы бола алмады. Чемпионатта небәрі 6 кездесу өткізген Шацкий 39 жастағы ардагер Александр Мокинге өз орнын босатып берген болатын.
Шацкийге қосалқы құрам қақпашысы болу ұнамады және ол команданы ауыстыру туралы шешім қабылдады. Тағы бір талантты қақпашы Егор Цуприковтен айрылған "Шахтер" Шацкийге ұсыныс тастады. Ол "Шахтер" басшылығымен келісімге келді және жақын арада Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан командасына қосылатын болады.
Біздің серіктес: FONBET