Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында команданың Ұлттар лигасындағы ойындарға дайындығы туралы айтып берді:
– Жаттықтырушылар штабының жоспары бойынша дайындық жақсы жүріп жатыр. Менің ойымша, жаттығу процесінде үлкен өзгерістер болған жоқ. Валерий Леонидович [Ситало] әдеттегідей бізді алдағы ойындарға дайындауда. Алғашқы үш күнде екі түрлі жаттығудан жасадық - біз осы қысқа циклде физикалық тұрғыдан мықты болу үшін функционалдық жағдайымызды жақсартып алдық. Барлық қарсыластарға құрметпен қараймыз. Кейбіреуінен қауіптенеміз десем де болады. Бірақ бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр: жаттықтырушылар құрамы өте сауатты талдау жасап, дайындық жұмыстарын керемет өткізуде. Бәрі жақсы болады деп сенемін.
Біздің серіктес: FONBET