Жарнама
Жарнама

Игорь Шацкий - Ұлттар лигасында ең көп сейв жасаған екінші қақпашы

27.09.2022, 21:21
Алғашқы орынға Италия құрамасының қақпашысы жайғасты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының қақпасын қорғаған Игорь Шацкий Ұлттар лигасы топтық кезеңінің қорытындысы бойынша ең көп сейв жасаған қақпашылардың қатарына енді.

Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы орынды Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма (27 сейв) иеленсе, екінші орынға 25 соққыны тойтара білген Игорь Шацкий жайғасты.

Айта кетейік, «Шахтер» қақпашысы Ұлттар лигасы аясында 6 матчқа қатысып, екеуінде қақпасын голдан аман сақтады.

Ұлттар лигасында ең көп сейв жасаған қақпашылар тізімі:

  1. Джанлуиджи Доннарумма (Италия) - 27 сейв:
  2. Игорь Шацкий (Қазақстан) - 25;
  3. Беньямин Бюхель (Лихтенштейн) - 23;
  4. Антони Морис (Люксембург) - 22;
  5. Каспер Шмейхель (Дания) - 20.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров