Екінші Лиганың “Тұран Ж” командасына қарсы сырт алаң кездесуіне келе алмаған Іле-Алатау тәртіптік бақылау және әдеп комитетінің тарапынан техникалық жеңіліс алды.
Бұл шешім 2024 жылдың 20 тамызында қабылданды. Жалпы аталған кездесу 14 тамыз күні Шымкенттегі “БИІК” спорт кешенінде өтуі тиіс болатын.
2023 жылы құрылған команданың техникалық жеңіліске ұшырауы алғаш рет болып отырған жоқ. Бұның алдындағы 16-тур матчында Өтеген батыр командасына осындай жаза қолданылған болатын.
“Іле-Алатау” “Оңтүстік-Батыс” батыс конференциясының турнирлік кестесінде 23 ұпаймен 8 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET