«Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін.
Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, 31 жастағы неміс ойыншысына «Барселона» мен лондондық «Арсенал» клубтары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ Бундеслиганың кейбір клубтары жағдайды жіті бақылап отыр.
Гюндоган осы маусымда «Манчестер Сити» үшін Премьер-лигада 26 ойынға қатысып, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
Илкай Гюндоган «Манчестер Ситиге» 2016 жылдың 1 шілдесінде «Боруссия Дортмундтан» ауысып келді. Transfermarkt нұсқасы бойынша оның қазіргі құны 35 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін жартылай қорғаушының мансабын MLS-те, сондай-ақ Түркия чемпионатындағы клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін екені хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET