Каталондық «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста алдағы уақытта командамен келісім-шартын 2017 жылға дейін созатынын мәлімдеді. Бұл туралы sport.es сайты хабарлап отыр.
Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мен «Барселона» командасы арасындағы келісім-шарт 2015 жылдың жазындааяқталады. Осыған дейін Иньеста командамен жаңа келісімге қол қоятыны жайлы хабарламаған болатын. Енді футболшы каталондықтармен тағы да 2 жылдық келісімге отырмақшы. Жалақы мөлшері жылына 12 миллион евроны құрамақ.
Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін ғана «Манчестер Юнайтед» қысқы трансферге дейін Андрес Иньеста командамен жаңа келісім-шартқа отыратынын мәлімдемесе, өз саптарына шақыруға ниетті екендіктерін жеткізген болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай