Жарнама
Жарнама

“Инфантино өзін құдай санайтын адам” FIFPro басшысы FIFA президентін сынға алды

15.07.2025, 14:30

Кәсіби футболшылардың халықаралық федерациясының (FIFPro) басшысы Серхио Марки ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қатты сынға алды.

Жарнама
Жарнама

13 шілдеде FIFA ойыншылардың демалысына қатысты футболшылар кәсіподағымен келісімге келгенін жариялады. Матчтар арасында міндетті түрде кемінде 72 сағат үзіліс болуы керек және маусым аяқталғаннан кейін ойыншыларға кемінде 21 күн демалыс берілуі тиіс. Бұл келісім Нью-Йоркте клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалы алдында өткен кездесуде жасалған. Алайда бұл кездесуге FIFPro өкілдері қатысқан жоқ.

The Athletic мәліметінше, дәл осы күні, 13 шілдеде, Серхио Марки Инфантиноны "өзін құдай санайтын адам” деп атап, FIFA-дағы шешім қабылдау процесін "біржақты” әрі "авторитарлық” деп атады.

Маркидің айтуынша, ФИФА шешімдерді адам дамуының тұрақтылығы емес, тек экономикалық пайда тұрғысынан қабылдайды. Ал ойыншылардың денсаулығы ескерусіз қалып, маркетингтік мақсаттардың құрбанына айналып жатыр.

Сонымен қатар ол 2025 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатының өтуін де сынға алды.

"FIFPro бұл турнирдің футболшылардың шынайы күнделікті өмірінен алшақ жатқанын атап өтпей қала алмайды. Әлемдік футбол мерекесі ретінде ұсынылған бұл жарыс шын мәнінде FIFA мен оның президенті ойдан құрастырған бір иллюзия ғана болды, ешқандай диалогсыз, жанашырлықсыз және ойынға жан-тәнімен берілген адамдарға деген құрметсіз түрде." деді Марки.

Оның сөзінше, ФИФА ойыншылардың артық жүктемелермен бетпе-бет келіп отырған шынайы жағдайын елемей отыр және ұйым өз табысын арттыруды футболшылардың денсаулығынан биік қоюда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров