Қазақстан футболы жаңа дәуірге қадам басуда. Жақын жылдары еліміздің бірнеше өңірінде заманауи талаптарға сай келетін жаңа стадиондар бой көтермек, деп хабарлайды Aladop.kz.
Назарларыңызға болашақта салынуы тиіс стадиондардың тізімі мен олардың болжамды сыйымдылығын ұсынамыз:
Алматы (Қайрат ФК) – 45.000
Шымкент (Ордабасы ФК) – 35.000
Ақтөбе (Ақтөбе ФК) – 34.980
Семей (Елімай ФК) – 25.000
Павлодар (Ертіс ФК) – 20.000
Атырау (Атырау ФК) – 12.000
Ақтау (Каспий ФК) – 11.000
Көкшетау (Оқжетпес ФК) – 10.000
Өскемен (Алтай ФК) – 4500
Астана (Жеңіс ФК) – 3598
Бұл тізімдегі ең ірі нысан — Алматыдағы 45 мың орындық стадион болмақ. Сондай-ақ, Шымкент пен Ақтөбе қалаларындағы стадиондардың сыйымдылығы халықаралық деңгейдегі ірі матчтарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымның жаңаруы не береді?
Еурокубоктық талаптар: УЕФА-ның жоғары санаттарына сай стадиондарда еліміздің клубтары мен Ұлттық құрама өз алаңында еркін ойнай алады.
Жанкүйерлер мәдениеті: Стадиондардың ыңғайлылығы көрермендер санын арттырып, футбол атмосферасын жақсартады.
Футбол академиялары: Жаңа нысандардың жанынан жастар футболын дамытуға арналған орталықтар ашылады.
Қазақстан футболы жаңа белестерді бағындыруға дайын!
Біздің серіктес: FONBET