Томас Паласиос миландық ұжымда қала бергісі келеді екен.
“Зенит” командасы 22 жастағы орталық қорғаушының трансфері бойынша “Интермен” келісіп қойыпты. Петерборлық ұжым Паласиосты 6-7 млн еуро төңірегінде сатып алуға келісімін берген. Алайда Томастың өзі нерадзурри ұжымында өз мүмкіндігін тосатының жеткізіп, “Интердің” бар жоспарының талқанын шығарыпты.
Паласиос “Интер” командасына 2024 жылдың жаз айында аргентиналық “Индепьенте Ривадавиа” клубынан 7 млн еуроға ауысып келген болатын. Жалпы футболшы Кристиан Киву ұжымында сол уақыттан бері тек 3 матч өткізді. Жас қорғаушы тәжірибенің аздығына байланысты “Монцаға” бір жылға жалға берілген болатын. Енді міне, Томас осы жылы клубқа қайта келді дегенде, “Интер” жас қорғаушыны сатып жібермекке амал қарастырыпты. Бірақ өзінің жұлдызды сәтін тосып отырған қорғаушы кез-келген ұсынысты кері қайтаратынын басшылыққа жеткізіпті.
“Интер” командасы алматылық “Қайраттың” Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңіндегі қарсыласы. Итальяндық гранд қазақстандық ұжымды 6 қараша күні "Джуззеппе Меацца" стадионында қонақ қылады.
Біздің серіктес: FONBET