Жарнама
Жарнама

«Интер» Италия кубогінің иегері атанды

12.05.2022, 15:41
Туриндік «Ювентус» маусымды трофейсіз аяқтауға мәжбүр.
Жарнама
Жарнама

Бүгін, 12 мамырда «Ювентус» пен «Интер» арасында Италия кубогінің финалдық ойыны өтті. Римдегі Олимпико стадионында өткен матч 4:2 есебімен миландық команданың пайдасына аяқталды.

Ойынның есебін 7-минутта Николо Барелла ашты. 50-минутта Алекс Сандро таразы басын теңестірсе, араға 3 минут салып Душан Влахович туриндік команданы алға шығарды.

Бірақ 80-минутта Хакан Чалханоглу пенальтиден есепті теңістіріп, матчты экстра-таймға ұластырды. Қосымша таймда Иван Перишич дубль жасап, «Интерге» трофей жеңіп алу мүмкіндігін сыйлады.

Осылайша, «Интер» өз тарихында сегізінші рет Италия кубогінің иегері атанды (1938/39, 1977/78, 1981/82, 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2010/11, 2021/22).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров