Жарнама
Жарнама

«Интер» Италия Суперкубогінің иегері атанды

13.01.2022, 17:34
Жеңісті гол 121-минутта соғылды.
Жарнама
Жарнама

Кеше «Интер» мен «Ювентус» клубтары Италия Суперкубогін сарапқа салды. Ойын Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтіп, 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Ювентус» 25-минутта Уэстон Маккеннидің арқасында алға шықты. 10 минуттан кейін Лаутаро Мартинес таразы басын теңестірді. Екінші таймда командалар гол соға алмай, ойын қосымша уақытқа созылды. 121-минутта Алексис Санчес жеңіс голын соғып, командасына трофей сыйлады.

Еске салайық, бұл матчқа «Интер» А сериясының чемпионы ретінде, ал «Ювентус» өткен маусымдағы ел кубогінің иегері ретінде келген болатын.

«Ювентус» ел суперкубогін тоғыз мәрте жеңіп алып, рекорд орнатқан. Ал «Интер» бұл жүлдені тарихта алтыншы рет жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров