«DAZN» стримингтік сервисі ЧЛ жалпы кезеңінің төртінші турының аясында өтетін «Интер» - «Қайрат» кездесуіне болжам берді.
Бұл бәсеке Милан қаласындағы әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында қарашаның 5-нен 6-на қараған түні болады.
«Интердің» осы маусымдағы шабуылы сұрапыл – команда сұрмергендері тұрақты түрде голдарды бөліп алып соғып жүр және дәл осындай жағдай турнирдегі басты аутсайдермен болатын матчта қайталанатын секілді. Болжам: «Интер» - «Қайрат» 3:0», - делінген сервис материалында.
Алматылық клуб ЧЛ жалпы кезеңінде 3 турдан кейін 1 ұпаймен 34-орында тұр. Алғашқы екі турда «Реалдан» 0:5 және «Спортингтен» 1:4 болып ұтылып, өткен жолы «Пафоспен» тең тарқасты 0:0.
Біздің серіктес: FONBET