Миландық команда соңғы рет 2022 жылы жеңілістің кермек дәмін тартқан екен.
Атап айтсақ, 2022 жылдың 7 қыркүйегінде “Интер” “Сан-Сирода” мюнхендік “Баварияға” 0:2 есебімен есе жіберді. Неміс ұжымы сапынан Лерой Сане бірінші болып есепті ашса, кездесудің екінші таймында Данило Д’ Амброзио өз қақпасын нысанаға алып, автогол соқты.
Сол жеңілісті кездесуден кейін “Интер” өз алаңында қатарынан 17 ойында жеңілмеді.
Еске салсақ, Кристиан Киву командасы Чемпиондар Лигасының 2-турында “Сан-Сиро” стадионында “Славия” Праганы қонақ қылды. Аталған матчта нерадзурри Лаутро Мартинес (дубль), Дензел Дамфрис голдарының арқасында қарсыласты 3:0 есебімен ұтты.
Өз жерінде осынша ойын жеңілмей келе жатқан “Интер” бүгінде “Қайратты” қабылдап, жеңісті сериясын одан әрмен ұзартуы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET