Миландық «Интер» Еуропа чемпионатында Финляндия құрамасымен болған матч кезінде жүрегі тоқтап қалған даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксенмен келісім-шартты бұзбақ, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport басылымы.
Осыдан кейін Эриксен кардиовертер-дефибриллятор құрылғысын пайдалануда. Бірақ Италияда мұндай құрылғылармен жұмыс істеуге қатаң түрде тыйым салынған. Осыған байланысты даниялық футболшы А сериясында өнер көрсете алмайды.
«Интер» Кристианды қаржылық жағынан тиімді ұсыныс алғанша қолдауға дайын. Миландық клубтың басшылығы жартылай қорғаушы басқа клубқа еркін агент ретінде қосылуы үшін Эриксенмен келісім-шартты бұзуға дайын.
Біздің серіктес: FONBET