Жарнама
Жарнама

“Интер Майами” Лионель Мессидің жағдайы мен қалпына келу мерзімі туралы ресми мәлімдеме жасады

04.08.2025, 13:00

"Интер Майами" клубының баспасөз қызметі шабуылшы әрі капитан Лионель Мессидің денсаулығына қатысты жаңартылған ақпаратты ұсынды.

Жарнама
Жарнама

"Тексеру нәтижесінде оң аяғындағы бұлшық етке жеңіл зақым келгені анықталды. Оның қайта алаңға оралуы клиникалық жағдайы мен емге берген жауабына байланысты шешіледі." делінген Америкалық клубтың ресми хабарламасында.

Еске салсақ, "Нексакаға” қарсы Лигалар кубогы аясындағы матчтың 11-минутында Месси жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. Қазіргі МЛС маусымында Аргентиналық шабуылшы 18 ойында 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Ал Лигалар кубогының екі кездесуінде ол ешбір нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров