Жарнама
Жарнама

“Интер Майамиге” Кевин Де Брюйнені алу оңайға соқпайды — келісім болса да, кедергі бар

18.04.2025, 19:00

Осы жазда "Манчестер Ситиден" кететін атақты Бельгиялық ойыншыны өз сапына қосуды көздейтін командалардың көшін АҚШ-тың MLS лигасындағы “Интер Майами” клубы бастап тұр. Алайда Дэвид Бекхэмнің командасы үшін бұл трансфер оңай шаруа болмайтын сыңайлы.

Жарнама
Жарнама

Интер Майамиде қазірдің өзінде жұлдызды құрам жасақталған — Лионель Месси, Серхио Бускетс, Жорди Альба және Луис Суарес. Бұл ойыншылардың барлығы да “designated player” (ерекше жалақы алатын ойыншы) санатына жатады. Ал MLS ережесі бойынша әр клубқа тек 3 мұндай ойыншы ұстауға рұқсат бар. Сондықтан, егер Де Брюйнді аламыз десе, оған қазіргі нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен жалақы ұсынуға тура келеді.

Олар Де Брюйнені “TAM” (Targeted Allocation Money) бағдарламасы арқылы тіркеуге мүмкіндігі бар. Бұл әдіс кезінде ойыншы бастапқыда арнайы лимит арқылы тіркеліп, келесі маусымда “designated player” қатарына ауыстырылады. Мұндай мысалдар бұған дейін болған – “ЛА Гэлакси” Златан Ибрагимовичті, “ЛА ФК” Гарет Бэйлді дәл осылай тіркеген.

Айболат Өнер

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров