Жарнама
Жарнама

«Интер» - «Милан» арасындағы матч А сериясындағы ең көп жанкүйер келген ойын

10.02.2020, 17:05
Жарнама
Жарнама

Милан дербиінің мерейі үстем түсті.

Италия біріншілігінің 23-туры аясындағы «Интер» мен «Милан» арасындағы ойынға 70 мыңға жуық жанкүйер келді деп хабарлайды Corriere dello Sport. Яғни, Милан дербиі биылғы маусымдағы ең көп жанкүйер жиналған кездесу.

Салыстырмалы түрде алсақ, осы жылы «Наполи» - «Ювентус» кездесуін көруге жобамен 40 мыңға тарта адам келген.
Ал «Рома» мен «Лацио» арасындағы Рим дербиіне 60 мың жан жиналыпты.

Айта кетейік, соңғы жылдары А сериясындағы стадионға ағылатын жанкүйерлер саны азайып барады. Бұл бір жағынан «Ювентустың» жекедара үстемдігі мен өзге ұжымдардың әлсіреп кетуінен болуы әбден мүмкін. Дегенмен биыл Антонио Конте жетекшілігімен «Интер» чемпиондық тартысқа мықтап кірісті. Қазір "Интер" мен "Ювентус" еншісінде тура 54 ұпайдан. Екі ұжым 1 наурызда 26-турда кездеседі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров