«Интер» «Сампдорияны» жеңіп, жүлдеге жақындады

22.06.2020, 09:08
«Интер» енді «Лационы» қуып жетсе болады.

Ойынның 10 минутында Ромелу Лукаку керемет комбинацияны түйіндеді. Артынша отыра қалып нәсілшілдікке жол жоқ деді. Кейін өзі бір комбинация бастап, тамаша пас асырды. Оның нәтижесі Лаутароның гол соғуына алып келді. Екінші таймда "Сампдория" бір гол соқты. Бірақ, жеңіс бәрібір Антонио Конте командасында қалды. Осы матчтың алдында "Аталанта" "Соссуолоны" 4:1 есебімен жеңді. Ал "Ювентус" бүгін түнде ойнайды.