Симоне Индзаги "Интердің" жаңа бас бапкері атанады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо. Индзаги кеше "Лационың" келісім-шартты ұзарту туралы ұсынысынан бас тартты және ресми түрде қызметінен кетті.
Индзаги "Интермен" екі жылдық келісім-шарт жасаспақшы. Ресми ақпарат жақын арада шығатын болады. Клуб басшылығы бұл қызметке үміткерлер ретінде қарастырылған Маурицио Сарри, Паулу Фонсека, Синиша Михайлович және Сержиу Консейсау секілді бапкерлерден бас тартты.
Италия чемпионатының осы маусымында "Лацио" 68 ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. 91 ұпай жинаған "Интер" Италия чемпионы атанды.
Біздің серіктес: FONBET