Жарнама
Жарнама

Йоахим Лев Германия құрамасының тізгінінде қалды

14.03.2015, 18:41
Жарнама
Жарнама
Немістің футбол одағы Германия  құрамасының бас бапкері Йоахим Левпен келісім-шартын ұзартты. Жаңа келісім-шарт 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жасалған. Демек Лев ұлттық құрамадан Ресейдегі әлем чемпионатынан кейін кетеді. Айта кетейік, Левпен бірге оның көмекшісі Томас Шнайдер мен қақпашылардың бапкері Андреас Кепке де келісім-шарттарын ұзартты. Естеріңізге сала кетсек, Йоахим Левтің жаттықтыруымен Германия құрамасы 2008 жылы Еуропа чемпионатында вице-чемпион атанса, араға екі жыл салып әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. ЕУРО-2012 додасынан да неміс машинасы медальсіз қайтпай, қола жүлдені еншіледі. Ал былтыр Бразилиядағы әлем чемпионатында Германия құрамасы жеңімпаз атанды.  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров