Жарнама
Жарнама

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасымен келіссөз жүргізіп жатыр

13.07.2025, 21:39

Өзбекстан футбол қауымдастығы (ӨФҚ) әйгілі неміс маманы Йоахим Лёвпен келіссөздер бастағанын хабарлады.

Жарнама
Жарнама

2014 жылғы әлем чемпионы Иоахим Лёв 2021 жылы Германия ұлттық құрамасынан кеткеннен кейін, ешбір команданы жаттықтырмаған. Енді ол үлкен халықаралық жобамен қайта бапкерлікке оралуы мүмкін.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, егер Лёв Өзбекстан футбол қауымдастығының ұсынысын қабылдаса, оның жаттықтырушылық штабына Тимур Кападзе де қосылады.

Еске салайық, Йоахим Лёв Германия құрамасын 2014 жылы әлем чемпионы атағына жеткізіп, сол жылы ФИФА нұсқасы бойынша, жылдың үздік жаттықтырушысы атанған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: