Йосип Мишич: “Біз “Астана” командасымен жақсы таныспыз”

28.11.2023, 23:45


“Динамо” Загреб командасының жартылай қорғаушысы Йосип Мишич ертеңгі ойынға байланысты өз ойын білдірді.

“Біз “Астанаға” қарсы осы маусымда үш ойын өткізіп, барлығында жеңімпаз атандық. Өз алаңымызда өткізген қос ойында қазақстандық ұжымды айқын басымдылықпен жеңе білдік (4:0, 5:1). Осындай нәтижені тіркесекте, ойынымызға көңіліміз толып отырған жоқ. Келер ойында біз бар күшімізді салуымыз тиіс. Сол кезде ғана көздегенімізге қол жеткіземіз. Алыс жол, қос елдің уақыт аралығындағы 5 сағат айырмашылық, одан тағысы жасанды алаң барлығы бізге кедергі келтіруі мүмкін. Алайда сылтауратып сын іздеуден әбиір таппайтынымыз анық. Командамыз барлығына дайын болуы тиіс. Қарсылас қаншалықты қиын болсада, қадамымызды оң басып, үш ұпайды қанжығалауымыз керек. Таныс клубқа қарсы дайындық жұмыстарын жүргізу бізге оңайға соғуда. Командамыз “Астана” клубы жайлы біраз ақпаратты біледі”.