Жарнама
Жарнама

Йован Чадженович: «Турнир кестесінде жоғары тұратын команда екенімізді дәлелдеуіміз керек»

02.09.2020, 17:02
«Тараз» 6 ұпаймен 9-шы орында келе жатыр.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» жартылай қорғаушысы «Астанамен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Йован, бұл ойын нәтижесі қанағаттандырады ма?

- Өте қиын әрі жауапты кездесу болды. Біз матч алдында келіскен ойын өрнегін алаңда іске асыра алдық. Бұл кездесуден алған ұпайға қанағат білдіруіміз керек деп ойлаймын. Себебі, бізге қарсы ел чемпионы ойнады. Екіншіден, ойын барысында біз ұтылып жаттық әрі психологиялық тұрғыда «сынып» қалуымыз мүмкін еді. Бірақ олай болмады. Матч біздің ҚПЛ-де кез-келген командамен тең дәрежеде ойнай алатынымызды көрсетті.

-Кездесуді тең дәрежеде өткізуге не әсер етті?

- Әрине бапкердің қойған тактикалық тапсырмасы және команданың түсінісіп ойнауының арқасында. 90 минут бойы біз жақсы қорғанып, шабуылға сәтті шығып жаттық. Алда көп мүмкіндіктер жасап, қарсыластардың мазасын қашырдық. Өкінішке қарай, әдемі сәттер болғанымен екінші голды сала алмадық. Бірде Постников кедергі жасаса, бірде қақпашы Эрич өз орнынан табылды.

- Қазір Ұлттар лигасының ойындарына байланысты ҚПЛ-де аздаған үзіліс болады. Команда үзілісті қалай пайдалануда?

- Әлбетте осыны пайдаланып, жақсылып тынығып алуымыз қажет. Футболды демалыссыз ойнау мүмкін емес. Содан кейін тыңғылықты дайындық жасаймыз. Біз турнир кестесінде жоғары тұратын команда екенімізді дәлелдеуіміз керек.

«Тараз» ФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров