Жарнама
Жарнама

Ірі құрылыс компаниясының басшысы ҚПЛ клубын сатып алмақ

27.10.2025, 19:45

Олигарх Нұрлан Артықбаев “Ақтөбені” иеленуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Арон Мұқановтың ТКБ подкастында жариялаған мәліметіне сүйенсек, құрылыс саласындағы алпауыт компания "Qazaq Stroy"-дың негізін қалаушы Нұрлан Артықбаев “Ақтөбе” футбол клубының жаңа иесі болуға дайын.

49 жастағы кәсіпкер Қазақстандағы бірнеше ірі компаниялардың, соның ішінде “Қазақтелеком” мен "Qazaq Kalium” кәсіпорындарының да үлескері саналады.

Forbes Kazakhstan журналының 2025 жылғы мамыр айындағы нұсқасы бойынша, Артықбаев елдің ең дәулетті 50 бизнесменінің қатарына еніп, 44-орынды иеленген.

Егер мәміле жүзеге асса, “Ақтөбе” клубы жеке инвестиция есебінен дамуға мүмкіндік алып, инфрақұрылым мен құрам сапасын күшейтуге жаңа серпін алары анық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров